Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 114 "Әйтеке би ауданының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 56 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 наурызда № 5364 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 114 "Әйтеке би ауданының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5016 болып тіркелген, 2016 жылғы 04 тамызда "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Т.Рахметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Ибрашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады