Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 "Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 62 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 сәуірде № 5417 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 53 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 14.09.2023 № 53 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы №214 "Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4821 тіркелген, 2016 жылдың 14 сәуірінде "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      "1. Жалпы ережелер" тарауында:

      2 тармақ:

      мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы – "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаментінің Байғанин аудандық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);

      1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;

      8) тармақша алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Байғанин аудандық мәслихатының хатшысы
      С. Жұбан Б. Турлыбаев
      Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
      __________________ К. Утаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады