РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Коституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Коституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин ауадын Жаңажол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданы Жаңажол селолық округі әкімінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 4 "Жаңажол ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-124 тіркелген, 2011 жылғы 03 қарашада "Жем Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі деректемелерінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Жаңажол ауылдық округі Оймауыт ауылының көшелеріне атаулар беру туралы";
1 тармақтың бірінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Жаңажол ауылдық округі Оймауыт ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:";
1 тармақтың екінші абзацында:
"Оймауыт ауылында:" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңажол ауылдық округінің әкімі | К.Конкаев |