Жаңажол ауылдық округі Оймауыт ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 қазанда № 3-4-124 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосына" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылында" деген сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 25.11.2014 № 07 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 25.04.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 25.04.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жаңажол ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жаңажол ауылдық округі Оймауыт ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Атамекен
      2) Бірлік
      3) Достық
      4) Білім
      5) Мәдениет
      6) Бейбітшілік
      7) Еңбек
      8) Ынтымақ
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 25.04.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жаңажол ауылдық округі әкімі Қ.Қоңқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады