Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 18.11.2019 № 251 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 12 "Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4904 тіркелген, 2016 жылдың 18 мамырдағы аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей толықтыру енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағында "Установить повышенные на двадцать пять процентов" сөзінен кейін "должностные" сөзімен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | Қ. БӨЛЕК |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | К. ҚОСАЯҚОВ |