Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің 04.08.2017 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 05 мамырдағы № 16-07/113 ұсынысы негізінде Нұра ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Нұра ауылдық округінің "Байдалы" мал қыстағындағы "Айбек" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұра ауылдық округінің әкімі: | Ж.ТӨЛЕБАЙ |