Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 10.05.2018 № 167 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарғалы ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота:
елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адамға - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Аудан әкімі | Р.Сыдықов |