Велихов селолық округі әкімінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 1 "Велихов селолық округінің көшелерін атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Велихов ауылдық округінін әкімінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 шілдеде № 5588 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының Велихов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Велихов селолық округі әкімінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 1 "Велихов селолық округінің көшелерін атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-142 болып тіркелген, 2012 жылды 5 маусымында аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауданының
      Велихов ауылдық округінің әкімі А.Халиуллина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады