Велихов ауылдық округінің көшелерін атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Велихов ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 5 маусымда № 3-6-142 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Велихов ауылдық округінің әкімінің 28.06.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін есепке ала отырып, Велихов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Велихов ауылдық округінің көшелеріне келесі атаулары берілсін:

      Велихов ауылы:

      Жастар;

      Орталық;

      Жаңа;

      Жағалау;

      Мектеп;

      Ақжайық ауылы:

      Жамбыл Жабаев;

      Ыбырай Алтынсарин;

      Бауыржан Момышұлы;

      Есет батыр;

      Ағайынды Жұбановтар;

      Балуан Шолақ;

      Орманшылар;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Д.Куйкеновқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Велихов ауылдық
      округінің әкімі м.а Р. Жұмағалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады