Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 22 "И.Құрманов атындағы ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 сәуірде № 5450 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 22 "И.Құрманов атындағы ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-119 тіркелген, 2011 жылғы 11 тамызда "Қобда" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      орыс тіліндегі шешімнің деректемелеріндегі "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылсын;

      қазақ тіліндегі шешімнің деректемелеріндегі "142" сандары "12" сандарымен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және И.Құрманов атындағы ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 3 маусымдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының И.Құрманов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда ауданының
И.Құрманов атындағы
ауылдық округі әкімі
Қ.Әмірғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады