Қаратоғай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 1 "Қаратоғай селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 мамырда № 5501 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Қаратоғай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратоғай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 1 "Қаратоғай селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-8-64 тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбында "Қаратоғай селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" сөздері "Қаратоғай ауылының көшелеріне атау беру туралы" сөзімен ауыстырылсын;

      қазақ тіліндегі шешімінің деректемелерінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі шешімінің мәтініндегі "названия" сөзі "наименования" сөзімен ауыстырылсын;

      шешімнің кіріспе бөлігінде "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратоғай ауылдық округі әкімінің м.а. Б. Есенжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады