Родников ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 1 "Родников ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Родников ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 5759 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Родников ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 1 "Родников ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-66 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің кіріспе бөлігінде "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Күзенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады