1. Темір аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 84 "Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3–10–92 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауында, бүкіл мәтіні бойынша және № 1 қосымшасында "ставкасын", "ставкалары", "ставкасы", "бекітілсін", "№ 1 қосымшаға", "№ 1 қосымша", "алаңға" сөздері "мөлшерлемесін", "мөлшерлемелері", "мөлшері", "төмендетілсін", "қосымшаға", "қосымша", "жер учаскелеріне" сөздерімен ауыстырылсын;
2 тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 379, 381 және 383 баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға жоғарылатылсын.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Темір аудандық мәслихатының | Темір аудандық мәслихатының |
сессия төрағасы | хатшысы |
Г.ҚАЛИЕВА | Б.ІЗБАСОВ |