Темір ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 195 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қыркүйекте № 5658 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 22.08.2022 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi "Сауда қызметiн реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына сәйкес, Темір ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Темір ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Садықоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Жүсібалиев

  Темір ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 195 қаулысына қосымша

Темір ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзегеасыру үшiн арнайы бөлінген орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 18.03.2021 № 51 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекендердің атауы

Көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар


Ақсай ауылдық округі

1

Ақсай ауылы

Төсбұлақ көшесі, № 4
Ақсай ауылдық Мәдениет үйінің алды


Алтықарасу ауылдық округі

2

Алтықарасу ауылы

Астана көшесі бойындағы №16 үйдің сол жағы


Жақсымай ауылдық округі

3

Шұбарқұдық ауылы

Мектеп көшесі, №7 үйдің алды

4

Шұбарқұдық ауылы

Мектеп көшесі, №14 үйдің алды


Қайынды ауылдық округі

5

Құмқұдық ауылы

Мектеп көшесі бойындағы №11 үйдің сол жағы


Кеңестуы ауылдық округi

6

Қопа ауылы

Мектеп көшесі, №15 үйдің алды

7

Қопа ауылы

Орталық көшесі, №6Б үйдің алды


Саркөл ауылдық округі

8

Шұбарши кенті

Геолог көшесі №27А бойындағы "Жекей" сауда үйінің қарама-қарсы беті


Тасқопа ауылдық округі

9

Тасқопа ауылы

Астана көшесі №17 бойындағы "Әсем" дүкенінің сол жағы


Темір қаласы

10

Темір қаласы

М.Маметова көшесі №20 бойындағы "Жомарт" дүкенінің алды


Кеңқияқ ауылдық округі

11

Кеңқияқ ауылы

Балуанов көшесі №27 мекенжайында орналасқан ғимараттың арты


Шұбарқұдық ауылдық округі

12

Шұбарқұдық кенті

Нұрпейіс Байғанин көшесі №1 бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің арты

13

Шұбарқұдық кенті

Нұрпейіс Байғанин көшесі №83 бойындағы "Ханым" дүкенінің оң жағы

14

Шұбарқұдық кенті

Қызылжар шағын ауданы №4Е учаскесі
"Люкс" монша ғимаратының алды

15

Шұбарқұдық кенті

Асау барақ көшесі №7 мекенжайында орналасқан ғимараттың алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады