Шектеу іс-шараларын алу және Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайынды ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 наурызда № 5299 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 31 қазандағы № 14-01/307 ұсынысына сәйкес, Қайыңды ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қайыңды ауылдық округінің "Жаңатаң" мал қыстағындағы "Жаңатаң" шаруа қожалығы аумағында қой және ешкі малдарының арасынан пастереллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
      2. Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5079 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 қыркүйекте аудандық "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қайыңды ауылдық округінің әкімі      А. Мустафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады