1. Кеңестуы ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 16 маусымдағы № 7 "Елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-72 тіркелген, 2008 жылғы 23 шілдеде "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кеңестуы ауылдық округінің әкімі | С. Тұранов |