Саркөл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 7 "Саркөл округінің Саркөл, Құмсай, Қопа, Бәшенкөл ауылдарының көшелерін атау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 6 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 сәуірде № 5400 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан"Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарутуралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Саркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Саркөл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 7 қазақ тіліндегі "Саркөл округінің Саркөл, Құмсай, Қопа, Бәшенкөл ауылдарының көшелерін атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-73 тіркелген, 2008 жылғы 9 шілдеде аудандық "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "Саркөл ауылдық округінің Саркөл, Құмсай, Қопа, Бәшенкөл ауылдарының көшелерін атау туралы";
      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінкүнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Саркөл ауылдық округінің әкімі      Қ.Шалманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады