2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 255 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Шалқар аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 88 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 наурызда № 5341 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 22.05.2017 № 108 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шалқар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 255 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4723 тіркелген, 2016 жылы 29 ақпандағы "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
      "1. Жалпы ережелер" тарауында:
      2 тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы –"Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Шалқар аудандық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);";
      1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;
      8) тармақша алынып тасталсын;
      "3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі" тарауында:
      16 тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шалқар аудандық мәслихатының
сессия төрағасы,
Шалқар аудандық мәслихатының
хатшысы
С. Бигеев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Қ. Отаров
      "_____"________________20__ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады