Алматы облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 қазандағы № 24-125 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 17 қарашада № 4387 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 20-95 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 26.04.2024 № 20-95 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 тіркелген) сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Алматы облыстық мәслихатының "Алматы облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын аббатандырудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 01 шілдедегі № 5-32 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3916 тіркелген, 2016 жылдың 04 тамызында "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихатының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту мәселелері бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Р. Ибраимова
      Облыстық мәслихат
      хатшысы С. Дүйсембінов

  Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы "26" қазандағы № 24-125 шешімімен бекітілген қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Алматы облыстық мәслихатының 08.08.2022 № 24-115 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Алматы облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" (бұдан әрі – Заң), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

      Қағидалар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерге қолданылмайды.

      2. Қағидалар Алматы облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

      2) ағаштарды кесу – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы Заң) 2-қосымшаның 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;

      3) ұшарбасты қалыптастыру – белгілі бір эстетиқалық түр беру және жасыл екпелерді жасарту мақсатында олардың солып қалуына әкеп соқтырмайтын, пішіндеуге келетін бұтақтар мен өркендерді, жекелеген ағаштарды, бұталарды және жолдағы екпелерді кесу.

      4) дендрологиялық жоспар – құрылыс салу аймағын ескере отырып көкжелектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерімен үйлесімділікте өсіп тұрған және отырғызылуы жоспарланып отырған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің жасыл екпелерінің сандық және түрлік құрамы көрсетілген жасыл екпелерді отырғызу жоспары;

      5) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;

      6) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;

      7) жасыл алқап – түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га аумақта кемінде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;

      8) жасыл екпелер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;

      9) жасыл екпелерді жою – жасыл екпелердің өсуінің тоқтауына әкелетін зақымдану;

      10) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау – жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және өсіруге (оның ішінде кесілген жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;

      11) жасыл екпелерді сақтау – абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесіне түсетін, аса құнды екпелердің тұқымдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;

      12) жасыл екпелерді орман-патологиялық зерттеу зиянкестердің (жәндіктердің) болуын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, діңдерде, тамыр жүйесі мен ұшарбаста зең ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің болуын анықтау. Егер екпелердің 50 (елу) %-дан астамы аурулардан зақымданған болса, олар міндетті түрде кесілуі тиіс.

      13) жасыл екпелерді түгендеу (тал басын санау) – қөгалдандыру объектілерінің сандық және сапалық сипаттамаларын толық көрсете отырып, оларды есепке алу жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жоспарлы негізде әрбір көгалдандыру элементін графикалық бейнелеу;

      14) жасыл екпелер тізілімі – жасыл екпелердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер жиынтығы;

      15) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бірге азаматтың меншігіндегі жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;

      16) көгалдандырылған аумақ – табиғи жолмен өніп шыққан өсімдіктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендері және объектілер, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлдер орналасқан жер учаскесі;

      17) күтіп-баптау – өсімдіктердің жерасты бөлігін және топырағын күтіп-баптау (қоректендіру, суару, қопсыту және өзге де іс-әрекеттер);

      18) өтемдік отырғызу жоспары – отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;

      19) өтемдік отырғызу – уәкілетті орган дендрологиялық жоспарға сәйкес айқындаған арнайы учаскелерде кесілген ағаштардың орнына отырғызу;

      20) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

      21) санитариялық кесу – авариялық жағдай туғызатын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттардың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін), ауырған, құрғай бастаған, құрғақ және зақымданған бұтақтарды кесу;

      22) санитариялық кесу – жасыл екпелерді күтіп-ұстау санитариялық жай-күйін жақсарту мақсатында жүргізілетін ағаш кесу (ішінара, жаппай), оның барысында жекелеген ауру, зақымданған, солып қалған және қураған ағаштар кесіледі;

      23) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;

      24) уәкілетті орган – жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      25) ұйым – жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;

      26) шағын сәулеттік нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсіндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      27) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ;

      28) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу – уәкілетті орган белгілеген учаскелерде жүзеге асырылатын, ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша жұмыс;

      29) ағаштарды заңсыз кесу – уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылатын ағаштарды кесу;

      30) мәжбүрлі кесу – авариялық және төтенше жағдайларды жою кезінде уәкілетті органның рұқсатынсыз ағаштарды кесу.

2- тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау

1-параграф. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау шаралары

      4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерді қоспағанда, барлық жасыл екпелер аталған учаскелерде қалалар мен елді мекендердің қоғалуы тиіс бірыңғай жасыл қор құрады.

      5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің көгалдандырылған аумақтарын дамыту дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізіледі.

      6. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы көгалдандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:

      1) жасыл екпелерді отырғызу;

      2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;

      3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;

      4) бүкіл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелерді суару, жазғы маусымда аптада екі рет суарылады;

      5) ұшарбасты қалыптастыру;

      6) жасарту;

      7) тыңайтқыштар салу;

      8) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.

      9) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу, ұшарбасты қалыптастыру.

      8. Жасыл екпелерді қайта отырғызу жыл ішінде арнайы қайта отырғызу технологиялары сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиімді ұласып өсуі мақсатында оларды күз түскен кезеңнен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.

      9. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету іс-шаралар вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.

      10. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы учаскеде сақтауға жататын барлық екпелер олардың тиімді қорғалуын қамтамасыз ететін арнайы қорғаныш қоршауларымен механикалық және өзге де зақымданулардан қорғалады.

      11. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.

      12. Қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      13. Жасыл екпелердің барлық түрі есепке алынады.

      14. Жасыл екпелерді есепке алу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелер тізіліміне енгізілетін, есепке алу объектісінің шекарасында орналасқан жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

      15. Уәкілетті орган жасыл екпелер тізілімін және оларды есепке алуды жүргізеді.

      16. Жасыл екпелерді есепке алу нәтижесін көрсететін құжат ресімделген түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ дендрологиялық жоспар болып табылады.

      17. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша қызмет көрсетуді, сондай-ақ жалпыға ортақ жерлердегі жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдар жүзеге асырады.

      18. Уәкілетті орган жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарының көшірмесін жасыл қормен жұмыс істеу кезінде ұсыным ретінде пайдалану үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі аппаратына жібереді.

      19. Қалың өскен жасыл екпелер өздігінен құлаған кезде жасыл екпелерді қалпына келтіру уәкілетті органнын бекітілген дендрологиялық жоспарына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

2-параграф. Ағаштарды кесу, санитариялық кесу

      20. Ағаштарды кесу мынадай:

      1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;

      2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;

      3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;

      4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі;

      5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылады;

      6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде.

      21. Ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.

      22. Жалпыға ортақ жерлердегі және ғимараттарға, құрылыстарға, көп қабатты тұрғын үйлерге іргелес аумақтардағы желдің және табиғи сипаттағы өзге де жағдайлардың, жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде ағаштар авариялық құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинауды, құлаған жерлерді уақтылы тазалауды және ағаш қалдықтарын шығаруды қызмет көрсететін учаскелер бойынша ұйымдар жүзеге асырады.

      23. Авариялық және төтенше жағдайларды жою кезінде, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде уәкілетті органның келісімінсіз ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      - ағаштардың, сондай-ақ олардың бұтақтарының құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, ғимараттар мен құрылыстардың, коммуникациялардың бүлінуіне қауіп төндіреді;

      - жол қозғалысы қауіпсіздігіне кедергілер, оның ішінде жол белгілерін көзбен шолуды жабатын кедергілер.

      Ағаштарды санитариялық немесе мәжбүрлі кесу фактісі төтенше жағдайлар органдарының құтқару қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, кейін уәкілетті органға мәжбүрлі кескен сәттен бастап үш жұмыс күн ішінде хабарланады.

      24. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды санитариялық кесуді және (немесе) кесуді осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйым уәкілетті органның жазбаша келісімі бойынша жүргізеді.

      25. Ағаштарды кесу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

      26. Жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган көрсеткен учаскілерге қайта отырғызылады.

3- параграф. Ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізу тәртібі

      27. Ағаштарды қалпына келтіру арнайы учаскелерде қаланың немесе елді мекеннің өтемдік ағаш отырғызу жоспарына сәйкес, қажет болған жағдайда жерін құнарлы топыраққа ауыстыра отырып жүргізіледі.

      28. Өтемдік отырғызу ағашты кесуге мүдделі болған азаматтар мен заңды тұлғалар есебінен жүргізіледі.

      29. Ағаштарды кесу кезінде ағаштарды өтемдік отырғызу ағаш көшеттерін отырғызу жолымен жүргізіледі.

      30. Ағаштарды заңсыз кесу, жою, бүлдіру немесе жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережелерін бұзған жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жауапты болады және жиырма есе мөлшерде ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізеді.

      31. Ағаштарды өтемдік отырғызу биіктігі кемінде 2,5 метр кесекпен немесе биіктігі кемінде 2 метр кесекпен қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін отырғызу арқылы жүргізіледі.

      Көшеттердің жоғарғы тамыр жүйесінен діңінің диаметрі кемінде 3 сантиметр, дің бөлігінің 1,3 метр биіктігінде.

      32. Заңды және жеке тұлғалар ағаштарды қайта отырғызған кезде өтемдік отырғызу жүргізілмейді.

      Қайта отырғызулар ағаштардың солып қалуына әкеліп соққан жағдайда, бес есе көлемдегі өтемақы белгіленеді.

      33. Ағаштарды кесу кезінде өтемдік отырғызу уәкілетті органның рұқсаты бойынша және (немесе) ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру кезінде кесу, ағаштарды жою немесе бүлдіру орнынан 1 километр радиуста аумақта жүргізіледі.

      Өтемдік отырғызу үшін кесу орнынан 1 километр радиуста бос орын болмаған кезде өтемдік отырғызу аумағын уәкілетті орган жазбаша түрде көрсетеді.

      Ағаштарды амалсыз кесу кезінде өтемдік отырғызу көгалдандыруды, жасыл желектерді күтіп-ұстауды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды тарта отырып, жалпы пайдаланымдағы жерлерде жүргізіледі.

      34. Заңды және жеке тұлғалар ағаштардың өтемдік отырғызу жұмыстарын аяқтаған соң ағаштарды кесуге рұқсат алу кезінде берілген кепілдік хатқа сәйкес уәкілетті органды өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

      35. Кепілдік хатқа сәйкес жеке және заңды тұлғалар өтемдік отырғызу сәтінен бастап екі жыл ішінде (ағаш көшетінің жерсіну кезеңі) тармақшаларға сәйкес көшеттерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшасын басшылыққа алады.

      36. Екі жыл өткеннен кейін өтемдік отырғызуды жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органмен бірлесіп ағаштардың жерсіну актісін жасайды және одан әрі күтіп-ұстау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының теңгеріміне береді.

      Уәкілетті орган өскен ағаштарды жасыл желектер тізіліміне енгізеді.

      37. Отырғызылған көшеттер өтемдік отырғызу кезінде жойылған жағдайда, олардың мүддесі үшін кесу жүргізілген тұлғалар немесе ұйым жасыл екпелерді қайта отырғызуды жүргізеді және оларды қайта отырғызу жүргізілген сәттен бастап екі жыл бойы (ағаш көшетінің жерсіну кезеңі) күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі одан әрі іс-шараларды қамтамасыз етеді.

  Алматы облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

      ____ жылғы 1 қаңтардағы Жасыл екпелер тізілімі

      Жасыл екпелер объектілерінің (учаскелерінің) алаңын жердің санатына, өсімдіктің типтеріне, функционалдық мақсатына қарай бөлу

      Қала/елді мекен

      Әкімшілік аудан: (код)_____________________

      Жауапты иесі:____________________________

      Жасыл екпелер тізілімі


Кесте

Р/с № түгендеу / жасыл екпе паспортының №

Жердің функционалдық мақсаты (екпелер санаты)

Ағаш өсімдігі

Бірлі-жарым ағаштар, дана

Топтар, куртиналар, дана

Тоғайлар, алқаптар, дана

Жол бойындағы екпелер, дана

Жиыны, дана






Бұталы өсімдіктері

Бірлі-жарым, дана

Жасыл қоршам қума метр (қ. м.)

Қатарлап отырғызу, дана

Топтық отырғызу, дана

Барлығы қ.м./дана






Ашық кеңістіктер

Гүлзарлар

Көгалдар

Жазғы м2

Көпжылдық, м2

Контейнерлік, дана

Вазон, м2

Альпинарий, рокарий, м2

Жиыны м2 / дана

Партерлік, м2

Кәдімгі, м2

Жер қыртысының жамылғысы, м2

Жиыны м2/дана

  Алматы облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың
  қағидаларына 2-қосымша
  Нысан
  Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның басшысы ____________________________
  (тегі, аты, ол бар болған жағдайда әкесінің аты, мемлекетті корганның атауы) ____________________________
  (жеке тұлғаның тегі, аты, ол бар болған жағдайда әкесінің аты не көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға ұйымының атауы) және (немесе) сенімхат бойынша) ____________________________ (ЖСН/БСН) мекенжайы ____________________________
  (заңды мекенжайы немесе тұрғылықты жері) байланыстар ____________________________
  (электрондық мекенжайы, телефон)

Кепілдік хат

      ____________________________________________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      _ _ _ _ _ _ _ дана көлемінде өтемдік ағаш отырғызуды жүргізуге кепілдік береді, ___________ тұқымдылар, ағаштардың орнына _ _ _ _ _ дана, _________________ үшін кесілетін тұқымдар ____________________________________ мекен-жайы бойынша:

      (себебі көрсетіледі)

      _______________________________________________ 20 жылғы " " жасыл желектерді зерттеу актісіне сәйкес.

      Отырғызылған көшеттер жойылған жағдайда, қайта отырғызуға кепілдік береді.

      Өтемдік отырғызу сәтінен бастап екі жыл ішінде, тармақшаларға сәйкес көшеттерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге кепілдік береді 4), 5), 6), 7) және жасыл желектерді күтіп-ұстау мен қорғау ережесінің 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және екі жыл өткеннен кейін оларды ағаштардың жерсіну актісі негізінде жергілікті атқарушы органның теңгеріміне берсін.

      ____________________________________________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылатыны хабарланды.

      Күні: 20__ ж. "___" ____________

      _____________________________

      Басшының Т. А. Ә. және қолы (мөрі бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады