Текелі қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 364 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 14 желтоқсанда № 4424 болып тіркелді

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Текелі қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Руслан Ертаевич Дүйсебаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі Б. Унербаев

  Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы "Текелі қаласында қоғамдық тәртіпке қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" № 364 қаулысына қосымша

Текелі қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) граммотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйлықақы беру.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қамтамасыз етуге қатысатын комиссия қарайды, Текелі қаласының Әкімдігімен құрылған, Текелі қаласының Ішкі істер бөлімінің ұсынысы бойынша.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермелеушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, әдетте, 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтының, Комиссия белгілейді.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге, қосымша Ішкі істер бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады