Ақсу ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 16-75 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 12 шілдеде № 4279 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 66-291 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 22.09.2020 № 66-291 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі)", 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызметін Ақсу ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Усенов Нурбол Каметкалиевичке және аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік-мәдениет саласы, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін. 

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы Э. Самбетов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Сүлейменов

  Ақсу аудандық мәслихатының 2017 жылғы "09" маусым № 16-75 шешіміне қосымша " Ақсу ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы"

Қызметін Ақсу ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық

төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері

Рет

Салық салу объектісінің атауы 

Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Бiреуденартық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2

4.

Ойын жолы

20

5.

Карт

5

6.

Бильярд үстелі

3

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады