Арасан ауылдық округінің Арасан ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу ауданы Арасан ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 17 наурызда № 4149 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Арасан ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Ақсу ауданы Арасан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Арасан ауылдық округінің Арасан ауылындағы "Шекара" көшесі "Тәтімқожа Уақасов" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Р. Галимжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады