Теректі ауылдық округінің Талдыбұлақ ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 9 қаңтарда № 4501 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Алакөл аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 4 ұсынысы негізінде, Теректі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алакөл ауданының Теректі ауылдық округі Талдыбұлақ ауылы аумағында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Теректі ауылдық округі әкімінің "Теректі ауылдық округі Талдыбұлақ ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2017 жылдың 17 қазандағы № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4357 тіркелген, 2017 жылдың 29 маусымында "Алакөл" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Е. Биекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады