Теректі ауылдық округінің Талдыбұлақ ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 16 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 6 қарашада № 4357 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Алакөл ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің 28.12.2017 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Алакөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 13 шілдедегі № 3 ұсынысының негізінде Теректі ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алакөл ауданының Теректі ауылдық округінің Талдыбұлақ ауылы аумағында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Е. Биекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады