"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ынталы ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Алакөл ауданының Ынталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ынталы ауылдық округінің жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Ынталы ауылдық округінің солтүстік-батысында орналасқан көшеге "Қабанбай батыр";
2) Ынталы ауылдық округінің солтүстік-шығысында орналасқан көшеге "Ахмет Байтұрсынов";
3) Ынталы ауылдық округінің оңтүстік-шығысында орналасқан көшеге "Құрманғазы Сағырбайұлы";
4) Ынталы ауылдық округінің шығысында орналасқан көшеге "Мағжан Жұмабаев".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Р. Н. Мамырбеков |