Балқаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 шілдедегі № 19-89 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 21 шілдеде № 4281 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Балқаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Қашкынбаев Марат Нұрманұлына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап, күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы М.Нұрман
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы К.Омаров

  Балқаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы "5" шілде № 19-89 шешіміне қосымша

Балқаш аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдердің тізбесі

      1. Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 50-212 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3656 тіркелген, 2016 жылдың 9 қаңтарында "Балқаш өңірі" газетінде жарияланған);

      2. Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 50-212 шешіміне өзгерістер енгізу туралы № 52-220 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 тіркелген, 2016 жылдың 24 ақпанында "Балқаш өңірі" газетінде жарияланған);

      3. Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 50-212 шешіміне өзгерістер енгізу туралы № 2-10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тзілімінде № 3771 тіркелген, 2016 жылдың 30 сәуірдегі "Балқаш өңірі" газетінде жарияланған);

      4. Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 50-212 шешіміне өзгерістер енгізу туралы № 4-26 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3864 тіркелген, 2016 жылдың 14 маусымдағы "Балқаш өңірі" газетінде жарияланған);

      5. Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 50-212 шешіміне өзгерістер енгізу туралы № 8-40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3914 тіркелген, 2016 жылдың 6 тамыздағы "Балқаш өңірі" газетінде жарияланған);

      6. Балқаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 50-212 шешіміне өзгерістер енгізу туралы № 11-49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4003 тіркелген, 2016 жылдың 26 қарашадағы "Балқаш өңірі" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады