Жамбыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 13-74 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 24 наурызда № 4152 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Бейсембаев Талғат Муратовичке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ж. Чажабаев
      Мәслихат хатшысы С. Жұрын

  Жамбыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы "03" наурыз № 13-74 шешіміне қосымша

Жамбыл аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) "Жамбыл ауданының 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 56-357 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3651 тіркелген, 2016 жылдың 15 қаңтарында "Атамекен " газетінде жарияланған);
      2) "Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Жамбыл ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 56-357 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 05 ақпандағы № 59-369 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3715 тіркелген, 2016 жылдың 05 наурызында "Атамекен" газетінде жарияланған);
      3) "Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Жамбыл ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 56-357 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 24 наурыздағы № 1-6 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3775 тіркелген, 2016 жылдың 23 және 30 сәуірінде "Атамекен" газетінде жарияланған);
      4) "Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Жамбыл ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 56-357 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 20 мамырдағы № 4-22 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3874 тіркелген, 2016 жылдың 11 және 18 маусымында "Атамекен" газетінде жарияланған);
      5) "Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 5-25 "Жамбыл ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 56-357 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3908 тіркелген, 2016 жылдың 06 тамызында "Атамекен" газетінде жарияланған);
      6) "Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қазандағы № 8-45 "Жамбыл ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 56-357 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4004 тіркелген, 2016 жылдың 19 қарашада "Атамекен" газетінде жарияланған);

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады