Бәйдібек би ауылдық округінің Бәйдібек би ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 10 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 28 наурызда № 4155 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бәйдібек би ауылдық округінің Бәйдібек би ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 07 маусымындағы қорытындысы негізінде, Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бәйдібек би ауылдық округінің Бәйдібек би ауылындағы "Победа" көшесі "Әбілда Зәкіров" көшесіне, "Подгорная" көшесі "Стамбек Оралбаев" көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бәйдібек би ауылдық
      округінің әкімі Е. Ә. Әмірденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады