"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Энергетический ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, 2017 жылғы 3 шілдедегі Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Энергетический ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Энергетический ауылдық округінің жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Қарасу ауылының шығысында орналасқан бірінші көшеге "Астана", екінші көшеге "Ынтымақ", үшінші көшеге "Достық", төртінші көшеге "Бірлік", бесінші көшеге "Болашақ", алтыншы көшеге "Жетісу", жетінші көшеге "Шұғыла", сегізінші көшеге "Тәуелсіздік", тоғызыншы көшеге "Жібек жолы", оныншы көшеге "Желтоқсан", он бірінші көшеге "Көкқайнар";
2) Өтеген батыр ауылы "Арман" ықшам ауданынының шығысында орналасқан бірінші көшеге "Бейбітшілік".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Энергетический ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | С. Закиржанов |