Тастөбе ауылдық округінің Тастөбе ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал ауданы Тастөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 2 ақпанда № 4090 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 9 ұсынысының негізінде, Тастөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тастөбе ауылдық округінің Тастөбе ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. "Тастөбе ауылдық округінің Тастөбе ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2016 жылғы 19 тамыздағы № 11 Тастөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3956 тіркелген, 2016 жылдың 23 қыркүйегінде "Қаратал" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тастөбе ауылдық
      округінің әкімі А. Байгунысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады