"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Райымбек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихатының "Жергілікті өзін-өзі басқару, әлеуметтік және экономикалық даму, бюджет, халыққа сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризм жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрайымы | Г. Дарубаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Е. Құдабаев |
Райымбек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 мамырдағы | |
№ 17-97 шешімімен бекітілген қосымша |
Райымбек аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдердің тізбесі
1. "Райымбек ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 53-275 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3653 тіркелген, 2016 жылдың 6 қаңтарында "Хантәңірі" газетінде жарияланған);
2. "Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Райымбек ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 53-275 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 5 ақпандағы № 55-285 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3718 тіркелген, 2016 жылдың 29 ақпанында "Хантәңірі" газетінде жарияланған);
3. "Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Райымбек ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 53-275 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 28 наурыздағы № 2-11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3772 тіркелген, 2016 жылдың 23 сәуірінде "Хантәңірі" газетінде жарияланған);
4. "Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Райымбек ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 53-275 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 19 мамырдағы № 5-30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3862 тіркелген, 2016 жылдың 11 маусымында "Хантәңірі" газетінде жарияланған);
5. "Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Райымбек ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 53-275 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6-38 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3910 тіркелген, 2016 жылдың 15 тамызында "Хантәңірі" газетінде жарияланған);
6. "Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Райымбек ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 53-275 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 27 қазандағы № 9-53 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3993 тіркелген, 2016 жылдың 19 қарашасында "Хантәңірі" газетінде жарияланған).