Үлкеншыған ауылдық округінің жаңа көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 53 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 27 қыркүйекте № 4335 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Үлкеншыған ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып, 2017 жылғы 19 сәуірдегі Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үлкеншыған ауылдық округінің жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Үлкеншыған ауылының оңтүстік-шығыс жағында орналасқан бірінші көшеге "Ынтымақ", екінші көшеге "Береке", солтүстік жағында орналасқан бірінші көшеге "Жастар", екінші көшеге "Бәйтерек";

      2) Қырыққұдық ауылының оңтүстік жағында орналасқан көшеге "Болашақ";

      3) Кішішыған ауылының солтүстік жағында орналасқан көшеге "Атамекен".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі М. Оспанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады