Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 8 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 20 қаңтарда № 4073 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 21.02.2024 № 48 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 28.07.2016 ж.№14010 болып тіркелген) сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға жұмыс орындарына квота белгіленсін:

      1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Маманбаев Ғалымжан Қанатовичке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан ауданының әкімі Е.Қошанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады