"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сарқан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Разбеков Бейсенбай Мерекебаевичқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарқан аудандық мәслихатының | |
кезектен тыс 19 сессиясының төрағасы | М. Тусупов |
Сарқан аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Абдрахманов |
Сарқан аудандық мәслихатының 2017 жылғы "9" маусымдағы № 19-89 шешіміне қосымша |
Сарқан аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдердің тізбесі
1. "Сарқан ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 62-322 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3669 тіркелген, 2016 жылдың 15 қаңтарында "Сарқан" газетінде жарияланған);
2. "Сарқан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Сарқан ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 62-322 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 3 ақпандағы № 65-335 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3727 тіркелген, 2016 жылдың 26 ақпанында "Сарқан" газетінде жарияланған);
3. Сарқан аудандық мәслихатының "Сарқан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Сарқан ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 62-322 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 24 наурыздағы № 1-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3774 тіркелген, 2016 жылдың 15 сәуірінде "Сарқан" газетінде жарияланған);
4. "Сарқан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Сарқан ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 62-322 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3-13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3866 тіркелген, 2016 жылдың 10 маусымында "Сарқан" газетінде жарияланған);
5. "Сарқан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Сарқан ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 62-322 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 20 шілдедегі № 7-32 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3925 тіркелген, 2016 жылдың 5 тамызында "Сарқан" газетінде жарияланған);
6. "Сарқан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Сарқан ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 62-322 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 20 шілдедегі № 11-51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3999 тіркелген, 2016 жылдың 18 қарашасында "Сарқан" газетінде жарияланған).