Сарқан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 27-120 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 21 желтоқсанда № 4442 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Разбеков Бейсенбай Мерекебаевичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы Ж. Доланбаева
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы К. Абдрахманов

  Сарқан аудандық мәслихатының 2017 жылғы "30" қарашадағы № 27-120 шешіміне қосымша

Сарқан аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдердің тізбесі

      1. "Сарқан аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 7 ақпандағы № 30-154 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2632 тіркелген, 2014 жылдың 5 сәуірінде "Сарқан" газетінде жарияланған);

      2. "Сарқан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 ақпандағы "Сарқан аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 30-154 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 5 мамырдағы № 35-187 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2727 тіркелген, 2014 жылдың 7 маусымында "Сарқан" газетінде жарияланған);

      3. "Сарқан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 27 мамырдағы № 54-281 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3241 тіркелген, 2015 жылдың 4 маусымында "Сарқан" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады