Талғар қаласының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 ақпандағы № 11-64 шешімі және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 02-29 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 9 наурызда № 4121 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Талғар қаласы халқының пікірін ескере отырып, 2016 жылғы 16 қыркүйектегі Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Талғар қаласының келесі көшелері:
      1) "Л. Емелев" көшесі - "Барлыбек Сырттанов" көшесі,
      2) "Лесная" көшесі – "Жүсіпбек Аймауытов" көшесі,
      3) "Парковая" көшесі – "Қажымұқан" көшесі,
      4) "Новосельская" көшесі – "ЖаҺанша Досмұхамедов" көшесі,
      5) "Плодовая" көшесі – "Міржақып Дулатов" көшесі,
      6) "Карагандинская" көшесі - "Әлихан Бөкейханов" көшесі,
      7) "Мира" көшесі - "Сұлтанбек Қожанов" көшесі,
      8) "Яблочная" көшесі - "Мұстафа Шоқай" көшесі,
      9) "Весенняя" көшесі - "Хиуаз Доспанова" көшесі,
      10) "Спартак" көшесі - "Нұркен Әбдіров" көшесі,
      11) "Веселая" көшесі - "Роза Бағланова" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі мен Талғар ауданы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтiк қорғау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, еңбек, бiлiм, денсаулық, мәдениет, тiл және спорт жөнiндегi" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі мен Талғар ауданы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Талғар аудандық
      мәслихатының
      хатшысы Ж. Еңкебайұлы
      Талғар аудандық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы С. Құрақпаев
      Талғар ауданы
      әкімінің міндетін
      атқарушы Ә. Тойбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады