Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылының жаңа көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 5 желтоқсанда № 4404 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бесағаш ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 03 шілдедегі облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар ауданының Бесағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылының оңтүстік жағында орналасқан жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) бірінші көшеге "Түркістан", екінші көшеге "Баянауыл", үшінші көшеге "Алтай", төртінші көшеге "Тараз", бесінші көшеге "Алматы", алтыншы көшеге "Жетісу", жетінші көшеге "Сарыарқа", сегізінші көшеге "Ұлытау", тоғызыншы көшеге "Бурабай", оныншы көшеге "Астана", он бірінші көшеге "Алатау".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды ауылдық округі әкімнің орынбасары М. Джамашеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімінің міндетін атқарушы М. Арынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады