"Алматы-Шымкент" талшықты-оптикалық байланыс жүйесі желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №325 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурызда № 39 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 сәуірде № 3379 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алматы-Шымкент" талшықты-оптикалық байланыс жүйесі желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 325 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2460 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қаңтарда "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады