РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы-Шымкент" талшықты-оптикалық байланыс жүйесі желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында жер учаскесiн пайдалану үшін жер учаскелерін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай екі жыл мерзімге осы қаулының қосымшасына сәйкес қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "TNS-Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс жүйесі желісін жүргізу мен пайдалану аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді жаңғырту жүргізу ұсынылсын.
3. "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға, мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Әбдірайымовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы "27" қарашадағы № 325 қаулысына қосымша |