Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылдық округінің Қасық ауылын Әлжан ана ауылы деп қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы №217 бірлескен қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2017 жылғы 6 қарашадағы № 16-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 қарашада № 3575 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 27 қыркүйектегі облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылдық округінің Қасық ауылы Әлжан ана ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.

      3. Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс Әкімі Облыстық мәслихаттың
      К. Көкрекбаев сессиясының төрағасы
      А. Райқұлов
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы
      Б. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады