Жамбыл облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 261 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда № 3644 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөліміне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын;

      5) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрі

      А. Мұхамедиұлы

      2017 жылғы "30" қараша

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2017 жылғы "27" қарашадағы
№ 261 қаулысына қосымша

Жамбыл облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

Спорт түрлерінің атауы

Топтар атауы

Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Паралимпиадалық спорт түрлері

Ұлттық спорт түрлерінің атауы

"А" тобы

1.

Кикбоксинг

Бокс


Дзюдо (көз сырқаты)

Асық ату

2.

Қол күресі

Велосипед спорты


Жүзу (тірек қимыл аппараты зақымданған)

Көкпар

3.

Самбо

Грек-рим күресі


Жеңіл атлетика (тірек қимыл аппараты зақымданған)

Қазақ күресі

4.


Дзюдо


Пауэрливтинг (тірек қимыл аппараты зақымданған)

Тоғызқұмалақ

5.


Еркін күрес (ерлер, әйелдер)


Таеквондо (тірек қимыл аппараты зақымданған)


6.


Жеңіл атлетика


Үстел теннисі (тірек қимыл аппараты зақымданған)


7.


Жүзу




8.


Каратэ-до




9.


Су добы




10.


Таеквондо




"В" тобы

1.

Белбеу күресі

Ауыр атлетика



Аударыспақ

2.

Би спорты

Баскетбол



Құсбегі

3.

Гір спорты

Батутта, акробатикалық жолда секіру



Теңге ілу

4.

Дойбы

Волейбол



Жекпе-жек

5.

Киокушинкай-кан каратэ

Қазіргі бессайыс




6.

Панкратион, грепплинг

Құзға өрмелеу




7.

Спорттық акробатика

Оқ ату




8.

Сурдо грек-рим және еркін күресі

Үстел теннисі




9.

Сурдо жеңіл атлетика

Футбол




10.

Ушу-саньда





11.

Шахмат





"С" тобы

1.

Әскери самбо

Көгалдағы хоккей



Бес тас

2.

Бодибилдинг, фитнес

Көркем гимнастика



Жамбы ату

3.

Қоян-қолтық күресі

Қол добы



Ордабасы

4.

ММА аралас жекпе-жек

Регби




5.

Президенттік көпсайыс

Триатлон




6.

Спорттық бағдарлау

Үлкен теннис




7.

Сурдо үстел теннисі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады