Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда № 3626 болып тіркелді. Күші жойылды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 66-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 23.12.2020 № 66-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тараз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық мәслихаты Тараз қалалық
      сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
      Қ. Жетібаев Б. Құлекеев

  Тараз қалалық мәслихатының
2017 жылғы 28 қарашадағы
№ 25-4 шешімімен бекітілген

Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік Қағидалар) сәйкес әзiрлендi.

      2. Әлеуметтік көмек Тараз қаласында тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.

      3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Тараз қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      5) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде

      бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      6) уәкілетті орган – "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) алып тасталды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 27.03.2019 № 43-10 Шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) ең төмен күнкөріс деңгейі – Жамбыл облысының статистикалық органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 27.03.2019 № 43-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Тараз қалалық әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет көрсетіледі.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Жамбыл облысы әкімдігі бекіткен ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      7. Атаулы және мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмек:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      1.1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1000 000 (бір миллион) теңге көлемінде;

      1.2. қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге көлемінде;

      1.3. екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 60 000 (алпыс мың) теңге көлемінде;

      1.4. қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай - ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек етукезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) 50 000 (елу мың) теңге көлемінде;

      1.5. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде;

      1.6. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) адамдарға 50 000 (елу мың) теңге көлемінде көрсетіледі;

      1.7. Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 000 (елу мың) теңге көлемінде.

      2) 15 ақпанға – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні :

      2.1. Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде;

      2.2. Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар - ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің отбасыларына 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде;

      2.3. 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілерге 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде көрсетіледі;

      2.4. Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 000 (елу мың) теңге көлемінде;

      2.5. Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 000 (елу мың) теңге көлемінде;

      2.6. Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 000 (елу мың) теңге көлемінде.

      3) 26 сәуір – Чернобыль атом электрстанциясындағы апат болған күніне:

      3.1. 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде;

      3.2. 1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде көрсетілсін;

      3.3. Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезіндегі қаза тапқан адамдардың отбасы 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде;

      3.4. Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасы 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде көрсетіледі;

      4) 29 тамызға – Семей полигонының жабылған күні:

      4.1. Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде;

      4.2. Әскери қызметші қаза болған жағдайда оның отбасына (бірақ үш адамнан аспайтын) ол жерленген жерге тегін барып қайтуына көрсетіледі.

      5) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні: Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген адамдарға – 50 000 (елу мың) теңге.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 28.04.2020 № 57-6; өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 21.08.2020 № 61-4 (алғаш ресми жарияланған кейінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      8. Өтініші бойынша бір рет әлеуметтік көмек:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестерілген тұлғаларға жол шығыны төлемінсіз, шипажайлық-курорттық жолдамалар түрінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш көлемінен кем емес;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде арнайы комиссия белгілеген 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде, ең төмен күнкөріс деңгейінің 10 (он) еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар мұқтаж азаматтар алты ай ішінде уәкілетті органға өтініш береді.

      8-1. Бір реттік әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайда деп танылған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, босатылған күннен бастап 3 (ай) ішінде тоқсан алдындағы тоқсандық кірісі 3 (үш) еселенген ең төменгі күнкөрiс деңгейiнен аспаған жағдайда, 1 (бір) еселенген ең төменгі күнкөрiс деңгейінде көрсетіледі

      8.2. Еңбек ардагерлеріне шипажайлық-курорттық емдеу шаралары өтінішке сәйкес, тиісті куәлікті ұсынғаннан кейін көрсетілсін.

      Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 05.10.2018 № 36-8 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 8–тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 28.04.2020 № 57-6 (алғаш ресми жарияланған кейінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      9. Жоғары білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінің оқу ақысын төлеу үшін, әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа табысы, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы қала бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, отбасы құрамында студенттері бар аз қамтылған отбасылар, табыстарын есепке алмай жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш көлемінен кем емес;

      10. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауыратын, амбулаториялық жағдайда ем жалғастырушы тұлғаларға бір күнкөріс деңгейі мөлшерінде, мерзімді (ай сайын, 12 ай бойында) әлеуметтік көмек көрсетіледі;

      10.1. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5 (бес) еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясы бар кәмелетке толмаған балаларға "Республикадағы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы" Заңмен бекітілген ең төменгі күн көріс деңгейінің 2 (екі) еселік мөлшерінде, мерзімді (ай сайын, 12 ай бойында) әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек өтінішпен жүгінген айдан бастап тиісті медициналық ұйымдардың анықтамасы негізінде тағайындалады.

      Ескерту. 10–тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 28.04.2020 № 57-6 (алғаш ресми жарияланған кейінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Мерзімді әлеуметтік көмек 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мұқтаж адамдарға қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге өтемақы ұсынылады:

      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы Жамбыл облысы бойынша белгіленген тоқсандағы күнкөріс деңгейінің 10 еселік шамасынан аспайтын орташа табысы бар Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне;

      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы Жамбыл облысы бойынша белгіленген тоқсандағы күнкөріс деңгейінің 3 еселік шамасынан аспайтын орташа табысы бар "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана", "І-ші дәрежелі Даңқты аналар", "ІІ-ші дәрежелі Даңқты аналар" алқылармен марапатталған көп балалы аналарға, І-топ мүгедектеріне, нашар көретін ІІ- топ мүгедектеріне, Ауған соғысының, Чернобыль Атом электростанциясы апатын жоюға қатысушыларына және мүгедектеріне, олардың жесірлеріне, сонымен қатар, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға.

      Мерзімді әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші (немесе оның заңды өкілі) өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (мүгедектер үшін) немесе санатын растайтын құжаттың көшірмесі;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың көшірмесі;

      табысы туралы мәлімет.

      Ескерту. 11–тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 21.08.2020 № 61-4 (алғаш ресми жарияланған кейінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Табыстарын есепке алмай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне байланыс қызметі (абоненттік төлем) мен табиғи газ төлемі шығындарын төлеуге 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Тараз қаласы әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі.

      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      жеке басын куәландыратын құжатты;

      үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы

      туралы мәліметтерді;

      адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      Ескерту. 14–тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 21.08.2020 № 61-4 (алғаш ресми жарияланған кейінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының)

      әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға жібереді.

      18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      24. алып тасталды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 27.03.2019 № 43-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдықжағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған.

      26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Тараз қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін егіздемелер

      27. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Тараз қаласы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Тараз қалалық мәслихатының
2017 жылғы 28 қарашадағы
№ 25-4 шешіміне қосымша

Тараз қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдердің

тізбесі

      1. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 2-4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3054 болып тіркелген, 2016 жылы 11 мамырда № 19 "Жамбыл Тараз" газетінде жарияланған);

      2. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 2-4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 8-9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3158 болып тіркелген, 2016 жылы 14 қыркүйекте № 37 "Жамбыл Тараз" газетінде жарияланған);

      3. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 2-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 15-4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3337 болып тіркелген, 2017 жылы 17 наурызда № 11-12 "Жамбыл Тараз" газетінде жарияланған).

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз

Решение Таразского городского маслихата Жамбылской области от 28 ноября 2017 года № 25-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 13 декабря 2017 года № 3626. Утратило силу решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 23 декабря 2020 года № 66-8

      Сноска. Утратило силу решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 23.12.2020 № 66-8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Таразский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз.

      2. Признать утратившим силу некоторые решения Таразского городского маслихата, согласно приложению к данному решению.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Таразского городского маслихата по образованию, здравоохранению, культуре, молодежной политике и социальной сфере.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня его государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Председатель сессии Секретарь Таразского
      Таразского городского маслихата городского маслихата
      К. Жетибаев Б. Кулекеев

  Утвержден решением
Таразского городского маслихата
от 28 ноября 2017 года № 25-4

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз

      Сноска. Наименование с изменениями, внесенными решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 15.02.2019 № 42-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого офицального опубликования).

1. Общие положения

      1. Настоящие правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года "О специальных социальных услугах" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила).

      2. Социальная помощь предоставляется постоянно проживающим гражданам на территории города Тараз.

      3. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих правилах:

      1) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима города Тараз по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      4) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи      в месяц;

      5) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      6) уполномоченный орган – коммунальное государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата города Тараз";

      7) исключен решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 27.03.2019 № 43-10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      "Государственный центр по выплате пенсий Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан";

      8) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акима города Тараз для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      9) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Жамбылской области.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 27.03.2019 № 43-10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      4. Для целей настоящих Правил, под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая акиматом города Тараз в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).

      6. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утвержденных акиматом Жамбылской области.

2. Перечень категорий получателей социальной помощи и размеры социальной помощи

      7. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням предоставляется:

      1) К 9 маю – Дню Победы:

      1.1. участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 1000 000 (один миллион) тенге;

      1.2. гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда" в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      1.3. бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      1.4. женам (мужьям), умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также женам (мужьям), умерших участников войны, партизан, подпольщиков, граждан, награжденных медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", признавшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в другой брак в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      1.5. лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      1.6. лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      1.7. семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге.

      2) К 15 февралю – дата вывода советских войск из Афганистана:

      2.1. военнослужащим, проходившим воинскую службу в Афганистане и военнослужащим, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья при прохождении воинской службы в Афганистане в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      2.2. семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане в размере 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      2.3. рабочим и служащим, направлявшимся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года в размере 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      2.4 военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшие задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      2.5. военнослужащим Республики Казахстан, принимавшие участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      2.6. военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего СССР, принимавшие участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге.

      3) К 26 апрелю – дня аварии на Чернобыльской атомной электростанции:

      3.1. лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах и ставшим инвалидами вследствие аварии на Чернобыльской атомной электростанции в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      3.2. участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      3.3. семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      3.4. семьи умерших вследствие лучевой болезни или умерших инвалидов, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге.

      4) К 29 августу – день закрытия Семипалатинского полигона:

      4.1. лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях в размере 100 000 (сто тысяч) тенге.

      4.2. в случае смерти военнослужащего его семье на бесплатный проезд к месту погребения и обратно (но не более трех человек).

      5) День Независимости Республики Казахстан: лица, принимавшие участия в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, установленном Законом Республики Казахстан от 14 апреля 1993 года "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" – 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге.
      Сноска. Пункт 7 - в редакции решения Таразского городского маслихата Жамбылской области от 28.04.2020 № 57-6; с изменениями, внесенными решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 21.08.2020 № 61-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Единовременная социальная помощь по обращениям предоставляется:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним в виде санаторно-курортных путевок в размере без оплаты стоимости проезда не более 40 (сорок) месячного расчетного показателя;

      при причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара в пределах до 100 (сто) месячных расчетных показателей определяемым специальной комиссией.

      При причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара нуждающиеся граждане в течение шести месяцев обращаются за социальной помощью в уполномоченный орган при среднедушевом доходе, в размере не превышающего десяти кратного прожиточного минимума.

      8-1. Единовременная социальная помощь в размере 1 (одного) прожиточного минимума предоставляется лицам со дня освобождения в течение 3 (трех) месяцев из мест лишения свободы, состоящим на учете службы пробации, находящимся в трудной жизненной ситуации, в соответствии с доходом за квартал, предшествовавший кварталу обращения, не превышающего 3 (трех) кратного прожиточного минимума.

      8.2. Для ветеранов труда санаторно - курортное лечение предоставляется в соответствии с заявлением, при предоставлении соответствующего удостоверение.

      Сноска. Глава 2 дополнена пунктом 8-1 в соответствии с решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 05.10.2018 № 36-8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования);пункт 8 с изменениями, внесенными решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 28.04.2020 № 57-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, без учета доходов, малообеспеченные семьи, имеющие в составе семьи студентов, со среднедушевым доходом не превышающим величину прожиточного минимума, на каждого члена семьи установленного по городу, предшествовавшем кварталу обращения за назначением социальной помощи на оплату стоимости за обучение на дневных отделениях в организациях высшего образования, технического и профессионального образования в размере не более 100 (сто) месячного расчетного       показателя;

      10. Периодическая (ежемесячно, в течение 12 месяцев) социальная помощь в размере одного прожиточного минимума предоставляется лицам, больным туберкулезом, продолжающим лечение в амбулаторных условиях со среднедушевым доходом в размере не превышающего 2 (двух) кратного прожиточного минимума.

      10.1. периодическая (ежемесячно, в течение 12 месяцев) социальная помощь в размере 2 (двух) кратного прожиточного минимума утвержденным законом "о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год" предоставляется несовершеннолетним больным детям, с инфекцией ВИЧ (вирус иммунодефицита человека) со среднедушевым доходом в размере не превышающего 5 (пяти) кратного прожиточного минимума. Социальная помощь назначается с месяца обращения, при предоставлении справки от организации здравохранения.

      Сноска. Пункт 10 с изменениями внесенными решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 28.04.2020 № 57-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Периодическая социальная помощь в размере 1 месячного расчетного показателя предоставляется нуждающимся для компенсации по оплате проезда на маршрутах городского пассажирского транспорта:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны со среднедушевым доходом не превышающего 10 кратного минимального прожиточного уровня, сложившегося по Жамбылской области в квартале, предшествующего квартала обращения;

      многодетным матерям награжденными подвесками "Алтын алка", "Кумисалка", "Матери героини", "Материнская слава І-ой степени", "Материнская слава ІІ-ой степени", инвалидам І-группы, слабовидящим инвалидам ІІ-группы, участникам и инвалидам войны в Афганистане и ликвидации катастрофы на Чернобыльской Атомной электростанции, их вдовам, а также лицам, участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях и учениях со среднедушевым доходом не превышающего 3 кратного минимального прожиточного уровня, сложившегося по Жамбылской области в квартале, предшествующего       квартала обращения.

      Для получения периодической социальной помощи заявитель (либо его законный представитель) к заявлению предоставляет следующие документы:

      копия документа, удостоверяющий личность;

      копия справки об инвалидности по форме, утвержденной приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 44 "Об утверждении Правил проведения медико-социальной экспертизы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10589) (для инвалидов) либо копия документа подтверждающий категорию;

      копия документа, подтверждающий сведения о номере банковского счета;

      сведения о доходах.

      Сноска. Пункт 11 с изменениями внесенными решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 21.08.2020 № 61-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Периодическая (ежемесячно) социальная помощь без учета доходов оказывается участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, на оплату расходов за природный газ и услуги связи (абонентская плата) в размере 1 (одного) месячного расчетного показателя.

3. Порядок оказания социальной помощи

      13. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому акиматом города Тараз по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      14. Для получения социальной помощи, при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган представляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) исключен решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 21.08.2020 № 61-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);

      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к Типовым правилам;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      Сноска. Пункт 14 с изменениями внесенными решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 21.08.2020 № 61-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      16. При поступлении заявления на оказание социальной помощи, при наступлении трудной жизненной ситуации, уполномоченный орган в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      17. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган.

      18. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      19. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      20. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии, производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      21. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней, со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      22. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней, со дня регистрации документов, заявителя на оказание социальной помощи, принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи, на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 17 и 18 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя.

      23. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      24. исключен решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 27.03.2019 № 43-10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      25. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи).

      26. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом города Тараз на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      27. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы города Тараз;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      28. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      29. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".

  Приложение к решению
Таразского городского маслихата
№ 25-4 от 28 ноября 2017 года

Перечень

утратившими силу некоторых решений Таразского городского маслихата

      1. Решение Таразского городского маслихата от 18 апреля 2016 года № 2-4 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3054, опубликовано 11 мая 2016 года в газете "Жамбыл-Тараз" № 19);

      2. Решение Таразского городского маслихата от 5 сентября 2016 года № 8-9 "О внесении дополнении в решение Таразского городского маслихата от 16 апреля 2016 года № 2-4 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз"(зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3158, опубликовано 14 сентября 2016 года в газете "Жамбыл-Тараз" № 37);

      3. Решение Таразского городского маслихата от 22 февраля 2017 года № 15-4 "О внесении изменений в решение Таразского городского маслихата от 18 апреля 2016 года № 2-4 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3337, опубликовано 17 марта 2017 года в газете "Жамбыл-Тараз" № 11-12).