"Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы №25-4 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 қазандағы № 36-8 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 3967 болып тіркелді. Күші жойылды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 66-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 23.12.2020 № 66-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3626 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 28 желтоқсанында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      2-тарау мынадай мазмұндағы 8-1) тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Бір реттік әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайда деп танылған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, босатылған күннен бастап 3 (ай) ішінде тоқсан алдындағы тоқсандық кірісі 3 (үш) еселенген ең төменгі күнкөрiс деңгейiнен аспаған жағдайда, 1 (бір) еселенген ең төменгі күнкөрiс деңгейінде көрсетіледі".

      2. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Құлекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады