"Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 57-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 мамырда № 4605 болып тіркелді. Күші жойылды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 66-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 23.12.2020 № 66-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3626 болып тіркелген электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 28 желтоқсанында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:

      7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Атаулы және мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмек:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      1.1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1000 000 (бір миллион) теңге көлемінде;

      1.2. қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге көлемінде;

      1.3. екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 60 000 (алпыс мың) теңге көлемінде;

      1.4. қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай - ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек етукезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) 50 000 (елу мың) теңге көлемінде;

      1.5. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде;

      1.6. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) адамдарға 50 000 (елу мың) теңге көлемінде көрсетіледі.

      2) 15 ақпанға – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні :

      2.1. Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде;

      2.2. Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар - ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің отбасыларына 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде;

      2.3. 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілерге 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде көрсетіледі.

      3) 26 сәуір – Чернобыль атом электрстанциясындағы апат болған күніне:

      3.1. 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 100 000 ( жүз мың) теңге көлемінде;

      3.2. 1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде көрсетілсін;

      3.3. Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезіндегі қаза тапқан адамдардың отбасы 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде;

      3.4. Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасы 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде көрсетіледі;

      4) 29 тамызға – Семей полигонының жабылған күні:

      4.1. Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде;

      4.2. Әскери қызметші қаза болған жағдайда оның отбасына (бірақ үш адамнан аспайтын) ол жерленген жерге тегін барып қайтуына көрсетіледі.".

      8 тармақ 8.2 тармақпен толықтырылсын:

      "8.2. Еңбек ардагерлеріне шипажайлық-курорттық емдеу шаралары өтінішке сәйкес, тиісті куәлікті ұсынғаннан кейін көрсетілсін.".

      10 тармақ 10.1 тармақпен толықтырылсын:

      "10.1. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5 (бес) еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясы бар кәмелетке толмаған балаларға "Республикадағы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы" Заңмен бекітілген ең төменгі күн көріс деңгейінің 2 (екі) еселік мөлшерінде, мерзімді (ай сайын, 12 ай бойында) әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек өтінішпен жүгінген айдан бастап тиісті медициналық ұйымдардың анықтамасы негізінде тағайындалады.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған кейінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық
      мәслихаты сессиясының төрағасы М. Мырзахметов
      Тараз қалалық
      мәслихатының хатшысы Б. Кулекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады