Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармағына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының2016 жылғы 8 желтоқсандағы қорытындысын және тиісті аумақ халқының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төмендегі көшелерге атау берілсін
Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бектөбе ауылындағы:
1) Көктем 3 көшесіне - Ақмешіт;
2) Көктем 4 көшесіне - Сарайшық;
3) Бұлақ 2 көшесіне - Нұрлы жол;
4) Бұлақ 3 көшесіне - Алтын Орда;
5) Жайлау 2 көшесіне - Сығанақ;
6) Жайлау 3 көшесіне - Аңырақай;
7) Жаңа көшесіне – Баласағұн;
8) Жаңа 3 көшесіне -Хамит Ерғалиев;
9) Жаңа 4 көшесіне - Жайық;
10) Жаңа 5 көшесіне - Ақыртас;
11) Жаңа Бәйтерек 3 көшесіне - Алатау;
Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Қызылшарық ауылындағы:
1) Атшабар 1 көшесіне – Айшырақ;
2) Атшабар 2 көшесіне - Қазығұрт;
3. Осы нормативтік-құқықтық актінің орындалуын бақылау Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Саршаевқа жүктелсін.
4. Осы нормативтік-құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қартөбе ауылдық округінің әкімі | Қ. Джатқанбаев |