2017 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 64 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылға 29 наурызда № 3369 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жуалы ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар үшін 2017 жылға ата-анасынан кәмелеттікжасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
      2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      3. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Н. Ергебеков

  Жуалы ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 13 наурыздағы
№ 64 қаулысына 1 қосымша

2017 жылға Жуалы аудананы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейінайырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсызқалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квоталар


Ұйымның атауы
жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері

ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін

жұмыскерлердің тізімдік санынан %

жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Жасыл Ел-Жуалы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

50

2%

1

2

"Бурный сүт компаниясы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

82

1%

1

3

Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жуалы-су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

55

2%

1

  Жуалы ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 13 наурыздағы
№ 64 қаулысына 2 қосымша

2017 жылға Жуалы ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар


Ұйымның атауы
жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар

пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар

жұмыскерлердің тізімдік санынан %

жұмыс орындарының саны (бірлік)

жұмыскерлердің тізімдік санынан %

жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Жасыл Ел-Жуалы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

50

2 %

1

2%

1

2

"Бурный сүт компаниясы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

82

1%

1

1%

1

3

Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жуалы-су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

55

2%

1

2%

1

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады