Жуалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі №333 "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 234 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қазанда № 3541 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жуалы ауданы әкімдігінің "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 333 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 04 қарашасында №2814 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Аққоев Қанат Оспанұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Көпбосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады