Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 31 қазандағы № 18-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қарашада № 3578 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 16-5 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 06.12.2021 № 16-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет – ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың тұғындардың денсаулығын және қоршаған ортаны, тұрғындардың аз қамтылған бөлігін, мүгедектерді, аналар мен балаларды қорғау, ұлттық және азаматтық келісімді дамыту, білім, жастар ісі, спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық
      сессиясының төрағасы мәслихаттың хатшысы
      Р. Сайлаубаев Е. Тлеубеков

  Жуалы аудандық мәслихатының
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 18-3 шешімімен бекітілген

Жуалы ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жуалы ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды ( бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртібін анықтайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Жуалы ауданы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына" сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс істеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады