Нұрлыкент ауылдық округінің Түктібай ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі әкімінің аппаратының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 21 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда № 3625 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1, 27 баптарына сәйкес және Жуалы аудандық аумақтық инспекция басшысының 2017 жылғы 06 қарашадағы № 06-02/326 ұсынысы негізінде Нұрлыкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Нұрлыкент ауылдық округі Түктібай ауылы аумағында сарып ауруы анықталуына байланысты Нұрлыкент ауылдық округінің Түктібай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі К. Хайралапов

      Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 қарашадағы "Нұрлыкент ауылдық округінің Түктібай ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" № 21 шешіміне келісім парағы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жамбыл облысы Ішкі істер

      Департаменті Жуалы ауданының

      Ішкі Істер бөлімі" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б. Удергенов

      27 қараша 2017 жыл

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және қадағалау

      Комитетінің Жуалы аудандық аумақтық

      Инспекциясы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Е. Ошанов

      27 қараша 2017 жыл

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық

      сақтау комитеті Жамбыл облысы Қоғамдық

      денсаулық сақтау департаментінің Жуалы

      аудандық қоғамдық денсаулық сақтау

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      М. Искаков

      27 қараша 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады