РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 29 наурыздағы қорытындысын және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Степной ауылдық округінің Степной және Қалғұты ауылдары көшелерінің атаулары өзгертілсін:
1) Степной ауылы бойынша:
Восточная көшесі – Көксай, Садовая көшесі - Киелісай, Больничная көшесі – Игілік, Западная көшесі - Батыс, Пионерская көшесі - Жасұлан, 8 марта көшесі - Байшешек, Юбилейная көшесі - Тамаша, 70 лет Октября көшесі - Қазына, Новостройка көшесі - Саяхат, Производственная көшесі - Өндіріс және Школьная көшесі - Білім.
2) Қалғұты ауылы бойынша:
Новая көшесі – Жаңақоныс, Центральная көшесі – Тыңдала, Клубная көшесі – Жетіген, Кузнечная көшесі – Ұста, Южная көшесі - Оңтүстік.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Степной ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бике Әбдіқызы Қараджановаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Ж. Спанов |